Облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Бабаларымыздың киелі мұрасы» деген атаумен өткен көрмеде жұртшылықтың назарына археологиялық ескерткіштер, көрнекті тұлғалардың есімдерімен байланысты қасиетті орындар, діни маңызы бар нысандар бейнеленген фотосуреттер ұсынылды.
Петропавлдағы машина жасау колледжінің студенттері «Абылай хан резиденциясы» мұражай кешені, Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалдық кешені, Ботай тұрағы, Қожаберген жырау мен Құлсары батырдың жерленген жерлері, Жансүгір батырдың мазары бейнеленген суреттерге қызығушылық білдірді. Шараға қатысушылар QR-код арқылы киелі жерлер туралы қазақ және орыс тілдерінде ақпарат ала алды. Олар бұл арқылы біздің өңірде 33 тарихи-мәдени орынның киелі жерлер тізіміне енгенін білді.
Мейрамкүл ӘБУОВА,
облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі.