«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Көлігімен су астына кетті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің қызметкер­лері Есіл өзеніне батып кеткен “Toyota Surf” ав­то­көлі­гін алып шықты. Оқиға Қызылжар ауданын­дағы Крас­ный Яр ауылының маңында болған. Алдын ала болжам бойынша Петропавл қаласының екі тұрғыны 21 сәуір күні балық аулауға шыққан. Олар түнгі сағат 11-лер шамасында күн суытқасын көлікті оталдырып қойып, ішінде ұйықтап қалады. Осы кезде жағада тұрған кө­лік өзінен өзі алға жүріп кетеді. Жігіттердің біреуі оянып кетіп, шығып үлгерген. Өкінішке қарай, екінші адам көлік ішінде қалған. Қаза тапқан жігіттің 1982 жылы туған Петропавл тұрғыны екені белгілі болды. Байланыс на­шар болғандықтан уақытында көмек шақыра ал­маған. Қазір тергеушілер оқиғаның мән-жайын анық­тауда.

Сағындық МАУҒАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp