«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тұрсынов – түйе балуан!

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қарағанды қаласында қазақ күресінен Қажымұқан Мұңайт­пасұлының 150 жылдығына арналған “Сарыарқа батырлары” атты республикалық турнир өтті. Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен 200-ден астам балуан қатысты.

Жарыс бағдарламасына сәй­кес спортшылар 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100, 100+ килограмда және аб­солютті салмақ дәрежесінде сынға түсті. Бұл додада өңір на­мы­сын қорғаған “Қызылжар ар­лан­дары” клубының өкілдері сәт­ті өнер көрсетіп, қанжығаларын майлап қайтты. Атап айтқанда, екі күнге созылған сайыс нәтиже­сінде 90 килограмм салмақта өнер көрсеткен Ерсұлтан Мұзап­паров жеңімпаз атанды. “Қазақ­стан барысы” додасының жеңім­па­зы Мұхит Тұрсынов түйе ба­луан­дар арасында топ жарды.

Сондай-ақ, қызылжарлықтар Нұр­ғали Тұрсынғазиев пен Қа­йыр­бек Батырхан 66 және 74 ки­ло­грамм салмақ дәрежелерінде кү­міс медальға ие болды. Ал 66 жә­не 90 килограмм салмақта бел­дес­­кен Қуаныш Ысқақов пен Ал­тын­бек Аусағитов үздік үштікті тү­йін­деді.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp