Қарағанды қаласында қазақ күресінен Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналған “Сарыарқа батырлары” атты республикалық турнир өтті. Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен 200-ден астам балуан қатысты.
Жарыс бағдарламасына сәйкес спортшылар 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100, 100+ килограмда және абсолютті салмақ дәрежесінде сынға түсті. Бұл додада өңір намысын қорғаған “Қызылжар арландары” клубының өкілдері сәтті өнер көрсетіп, қанжығаларын майлап қайтты. Атап айтқанда, екі күнге созылған сайыс нәтижесінде 90 килограмм салмақта өнер көрсеткен Ерсұлтан Мұзаппаров жеңімпаз атанды. “Қазақстан барысы” додасының жеңімпазы Мұхит Тұрсынов түйе балуандар арасында топ жарды.
Сондай-ақ, қызылжарлықтар Нұрғали Тұрсынғазиев пен Қайырбек Батырхан 66 және 74 килограмм салмақ дәрежелерінде күміс медальға ие болды. Ал 66 және 90 килограмм салмақта белдескен Қуаныш Ысқақов пен Алтынбек Аусағитов үздік үштікті түйіндеді.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.