«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАС ХИМИКТАР САЙЫСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Оқушылар сарайында “Жас химик-зерттеуші” облыстық ғылыми жобалар байқауы өтті. Оған 31 оқушы қатысты.

“Цифрлы Қазақстан” бағдарламасы аясында ұйымдастырылған байқаудың алғашқы кезеңінде оқушылар химия пәні бойынша жазған ғылыми жұмыстарын жолдады. Болашақ ғалымдар өз жобаларын қашықтан қорғады. Ал екінші кезеңге өткен 14 ғылыми жұмыстың авторы қазылар алқасы алдында зерттеу аясындағы жаңалықтарымен бөлісті.

– Дәстүрлі байқауға қала мен облыс мектептері, гимназия, лицейлердің 6-11 сынып оқушылары қатысты. Мұндай шаралар олардың химия пәніне деген қызығушылықтарын оятады. Білікті мамандардан құралған қазылар алқасы барлық жұмыстармен жіті танысып, үздіктерін анықтады, –  деп атап өтті “Digital Urpaq” оқушылар сарайының ғылыми-биологиялық бағыт бөлімінің меңгерушісі Лариса Воробьева.  

Оқушылардың таңдаған тақырыптары әр алуан. Мәселен, бірінші орынға қол жеткізген Бескөлдегі “Парасат” мектеп-лицейінің оқушысы Мейіргүл Нұржанова органикалық тыңайтқыш дайындау жолын іздеген. Екінші орыннан көрінген Соколов орта мектебінің оқушысы Полина Линник бау-бақшада өсетін өсімдіктердің индикаторлық, яғни түрлі белгілер беру қасиетін бақылаған. Сонымен қатар, оқушылар қаладағы топырақтың ластануы, кристалл өсіру, антибиотиктер, сүйелшөптің қасиеттерін зерттеген. Өз жобаларын тиісті деңгейде қорғап, үздік атанған оқушыларға дипломдар мен сыйлықтар табысталды. Өзге қатысушылар да сертификаттарға ие болды.

Гүлмира ШОҚТЫБАЕВА,  

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp