«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Жетісуды” жеңді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Футболдан Премьер-лига командалары 7-ші тур ойындарын өткізді. “Qyzyljar” клубы өз алаңында талдықорғандық “Жетісумен” кездесті.

Матч басталысымен жерлестеріміз қонақтар қақпасына лап қой­ды. Көп кешікпей шабуылдар өз нәтижесін берді. Кездесудің 20-шы минутында жергілікті клубтың қорғаушысы Валерий Кар­ша­кевич мергендік танытып, есеп ашты. Бұдан соң солтүстік­қа­зақ­стандық аяқдопшылар таблодағы есепті еселеуге тырысты. Сөйтіп 44-ші минутта Әлібек Қасым қарсыластың қақпасын дәл көздеді.

Екінші таймда жетісулықтар есе қайтаруға тырысқанымен, “Qyzyljar” қорғаушыларынан өте алмады. Керісінше, қауіпті сәт­тер­дің басым бөлігі қонақтар қақпасының жанында болды. Ша­буылдардың бірінде жергілікті команда ойыншысы Данило Ал­мейда гол соғып, кездесудің соңғы нүктесін қойды. Қорытынды есеп – 3:0. Бұл турдан соң “Qyzyljar” клубы 10 ұпаймен турнир кес­тесінің 6-шы сатысына көтерілді, “Жетісу” соңғы орында.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp