Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі актриса, Канн кинофестивалінің жеңімпазы, жерлесіміз Самал Есләмова ресейлік “Ника” кинофестивалінде үздік әйел рөлі үшін марапатқа ие болды. Актриса кезекті марапатты ресейлік режиссер Сергей Дворцевойдың “Айка” фильміндегі басты ролі үшін алды. Бұл аталымға ол 2019 жылдың қорытындысы бойынша ұсынылған болатын. Алайда, коронавирус пандемиясына байланысты «Ника» кинофестивалі былтыр тоқтатылғандықтан марапаттар биыл өз иелерін тапты.
– Мен Мәскеуге бара алмадым. Сыйлығымды әріптесім Вячеслав Агашкин алды. Фильмдегі барлық әріптестеріме алғысымды білдіремін, – деді жерлесіміз.
“Қызылжар-Ақпарат”