«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өңір әкімі әлеуметтік желідегі пікірге жауап берді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Петропавл қаласындағы Қазақ драма театрының жанындағы саябақтың жабық болуына қатысты жайтқа пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желі қолданушыларының бірі театр жанындағы үлкен саябақтың қала тұрғындары үшін жабық тұрғандығына наразылық танытқан болатын. Осыған орай өңір басшысы Facebook парақшасында жазба қалдырды.

«Жақында әлеуметтік желілерде қала тұрғынының С.Мұқанов атындағы қазақ театрының жанындағы саябақ халыққа қол жетімді емес деген үндеуі болды. Мен бұл ұсынысты қолдаймын. Қоршаулар бұзылды, бүгін біз сенбілік өткіздік. Биыл бұл алаң жөнделіп, тұрғындар үшін жақсы демалыс орнына айналады. Жалпы біз саябақтарды жаңарту бойынша кешенді жұмыстар жүргізіп жатырмыз», – деді өңір басшысы.

Оның атап өтуінше, өткен жылы 5 жаңа саябақ салынды. Биыл 7 саябақ ашылады. Брусиловский көшесіндегі саябақ ұзартылады. Жуков көшесінде әдемі аллея жасалады.

«Қуыршақ театрының жанында балаларға арналған саябақ құрамыз. Жаңа қазақ театрының жанында және Алтынсарин көшесінде де жаңа саябақ пайда болады. Биыл абаттандыру жұмыстары да жалғасады. Төрт жылда 386 аула жөнделді, биыл тағы 82 аула өзгереді. Былтыр 45 тегін автотұрақ істелді, биыл тағы 47 тұрақ жасаймыз»,- деді Құмар Ақсақалов.

inform.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp