«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Заңсыз сақталған қаруларды тапсырған тұрғындар сыйақы алды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында тіркелмеген қаруды ерікті түрде сыйақыға тапсыру акциясы өз мәресіне жетіп, бөлінген қаражат толықтай игерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тапсырылған қарулар қылмыстарды жасауға қолданбағандығын растайтын қажетті сараптамалардан өтеді. Сондай-ақ сараптама қарудың қай санатқа жататынын анықтап, соған қарай сыйақы белгіленеді.

Акция шарттарына сәйкес, қару қылмысқа қатысы жоқ «таза» болса, полицейлер қарудың қайдан келгені жайлы айтуға міндеттемейді. Дегенмен, адамдар оларды қайдан алғаны жайлы түсінік беріп жатады. Көп жағдайда қару-жарақ орманнан немесе Есіл өзенінің жайылмасынан табылған. Екі адам аңшы қаруын үйлеріндегі ескі қора-қопсыны бұзған кезде тауып алған. Үш адам қарудың қайтыс болған әкелерінен қалғанын айтқан.

Мысалға, аудан орталығы Булаевоның тұрғыны 1995 жылдан бастап «БМ-16» қосауызды қаруды әкесінің көзі ретінде сақтаған. Енді бір жағдайда Тайынша ауданының тұрғыны Польшаға тұрақты тұруға кеткен досы қалдырып кеткен 16 калибрлі «ИЖ» маркалы 2 қаруды өзінде екі жылға жуық сақтаған.

«Қаруды заңсыз сақтау – бұл өз басыңды тәуекелге тігу. Ретсіз пайдаланған жағдайда ол өлімге себеп болуы немесе қылмыскерлердің қолына түсуі де мүмкін. Қаруды міндетті түрде тапсырған жөн. Ерікті түрде тапсырған жағдайда әкімшілік пен қылмыстық жауапкершіліктен босатылады», – дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Құрман Мусин.

Акция аясында солтүстікқазақстандықтар барлығы 5 травматикалық қару, 16 тегіс ұңғылы қару мен калибрі 5,6 мм «ТОЗ» маркалы 2 ойық ұсақ калибрлі винтовка тапсырған.

www.inform.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp