Өңірде 25 мыңға жуық адам коронавирус вакцинасын алды
Солтүстік Қазақстан облысына ақпан айынан бері 65 мыңнан астам доза коронавирус вакцинасы жеткізілсе, соның 2 мыңы – отандық препарат», деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысына ақпан айынан бері 65 мыңнан астам доза коронавирус вакцинасы жеткізілсе, соның 2 мыңы – отандық препарат», деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысында Смирново елді мекенінің 58 жастағы тұрғынына іздеу жарияланды. Петропавлға жұмыстарымен кеткен ер адамнан сегіз күннен бері хабар жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Петропавлда коронавирусқа қарсы вакцина алған бойжеткенге ота жасауға тура келді. Екпенің орны ісіп, іріңдеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әкемнің соғыстан оралмаған ағасы Қасым Аяғанов жайлы жиі еске алып отырамыз. Бірақ қолдағы дерек мардымсыз. Қай жылы дүниеге келгені нақтыланбаған. 1898 және 1902 жыл деген қосарланған цифрлардың қайсысына сенеріңді білмейсің. Майданға аттанғанда артында аман-есен оралуын тілеп 80-нен асқан әкесі, кәрі анасы, 9-ға және 5-ке келген қыздары мен жөргектегі ұлы Сәлем қалған. Үлкен қызы Сусардың айтуы …
БІР ҚАТЕНІҢ КЕСІРІ немесе жауынгердің беймәлім жорық жолдары Read More »
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте ерлермен қатар нәзік жандар да табысты еңбек етуде. Әдетте өртке қарсы қызмет туралы айтылғанда көз алдымызға жапа шегушілердің өмірі үшін қызыл жалынмен күресіп жатқан құтқарушының батыл бейнесі елестейді. Бірақ олардың жұмысы әйелдердің көмегінсіз болмайды.
Қазақстан Республикасының “Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы” кодексінің 1-бабы бойынша көпбалалы отбасылар тізіміне құрамында бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі …
“Астық-Привольный” ЖШС-і мал шаруашылығымен де, егіншілікпен де тұрақты түрде айналысады. Жыл басында Германиядан симменталь тұқымды 160 бас ірі қара әкелінсе, жуырда табынға тағы 98 бас қосылды. Қалған 320 бас тамыз айында сатып алынады.
Өңірімізде вакциналау шаралары белсенді жүргізілуде. Жақында облысымызға отандық “QazVac” вакцинасы жеткізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен баспасөз мәслихаты барысында айтылды.
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов “Қазпошта” акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Қанат Алпысбаевпен кездесіп, меморандумға қол қойды. Екі тарап алдағы жұмысты талқылап, ортақ міндеттерді белгіледі.
Өңірімізде 2020-2021 жылғы жылыту маусымы аяқталды. Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен облыстық әкімдіктің кезекті отырысында энергетиктердің атқарған жұмыстарының қорытындысы шығарылып, жауапты мекеме басшысы есеп берді. Алдағы қысқа әзірлік жайы да сөз болды.
Петропавл қаласы маңында Есіл өзенінің тасуы қауіпті деңгейге жетті. Жабай мен Колутон өзендерімен молайған су кей жерлерде арнасынан асқан. Мәселен, 26-сәуірде Новоникольск ауылы маңында 1346 сантиметрге дейін көтерілген болатын, қазір аздап түсуде. Ал Петропавл маңында 1 тәулікте 9 сантиметрге көтеріліп, 1009 сантиметрге жеткен. Сондай-ақ, ағыстың төменгі жағында да біртіндеп су деңгейі жоғарылап барады, Долматово елді …
2021 жылдың басынан бері көліктегі полицейлер түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған 16119 адамды, оның ішінде қоғамдық орындарда темекі шеккені үшін 338 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Облысымызда тіркелмеген қаруды ерікті түрде тапсыру жөніндегі акция өз мәресіне жетіп, бөлінген қаражат толықтай игерілді. Тапсырылған қарулардың қылмыс жасауға қолданылмағандығын растайтын сараптамалар жасалуда. Сараптама қорытындысы бойынша сыйақының сомасы белгіленетін болады.
Биыл Парламент Мәжілісіне және барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттар сайлау ел өміріндегі ең елеулі оқиғалардың бірі болды. Сайлаушылар өз таңдауларын жасап, мәслихаттар сайлауы тұңғыш рет партиялық тізім бойынша ұйымдастырылды. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның мәслихатына “Nur Otan”, “Ауыл” және “Адал” демократиялық партияларынан 12 депутат сайланды. Аудандық Мәдениет үйінің директоры Наталья Синдякина екеумізден басқа депутаттық корпус түгелдей жаңарып, …
Мамыр айында үш мереке қатар келгендіктен, қазақстандықтар 13 күн демалады, деп хабарлайды Egemen.kz
Тұңғыш Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясында 2025 жылға қарай Қазақстан халқы 20 миллионнан асатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл жайында Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы, ҚХА Төрағасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.