«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бірінші орын — Аманжолда

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тұғырлы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен ақын, жазушы, Павлодар облысының құр­мет­­ті азаматы Зекебай Сол­тан­баевтың 90 жасқа то­луы­на орай өткен “Азат ел­дің абы­зы” атты аймақа­ралық жыр мүшәйрасында Петропавлда­ғы Ерік Асқа­ров атын­дағы об­лыстық ақын­дар орталығы­ның ұстазы – Аманжол Зағы­пар бірінші орын алды.

Қазақстан Жазушылар ода­ғы­ның Павлодар облыстық фи­лиалы мен “Шаңырақ” халық шы­ғарма­шылығы орталығы бір­ле­се ұйым­дас­тырған жыр бәйге­сін­де 50-ге жуық шығарма қазы­лар алқасы­ның назарына ұсы­нылды. Алды­мен өнер туынды­лары талапқа сай іріктеуден өт­ті. Сайыс қорытын­ды­сы бойын­ша мүшәйраның бас жүл­десі – ақын Қуанышбек Шарманов­қа бұйырды. Бірінші орынды жер­ле­сіміз, ақын Аманжол Зағыпар ен­шіледі. Ал екінші орынға – Пав­ло­дардан Алтынбек Мұқы­шев пен қа­рағандылық ару Салтанат Қайыр­бек, үшінші орынға – шы­ғыс­қазақ­стандық Роллан Кеңес­ханов, Ке­ре­ку­дің екі ақыны Аб­зал Қабдраш пен Перизат Құр­манәлі лайық деп танылды. Со­нымен қатар Рауан Ха­бидол­дин, Таңсәуле Әгенқызы жә­не Қо­жаберген Қоңқайұлы баста­ған ақындар арнайы жүлдеге ие болды. Шара барысында Зеке­бай Солтанбаевтың “Егіндібұ­лақ валь­сі” және “Таң атарда” кітаптарының тұсаукесері өтті.

Мырзабай БЕЙСЕНҰЛЫ,

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің 1-курс студенті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp