«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДЕР КЕЗІНДЕ АЯҚТАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір диқандары көктемгі егіс науқанын толық аяқтады. Агроқұрылымдар уақытпен санаспай еңбек етіп, дән сіңіру жұмыстарын мерзімінде бітіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасады.

Солтүстікқазақстандық шаруа­лар жауапты науқанды мамыр айының екінші онкүндігінде бастаған болатын. Облыс­тық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы мамандарының мәліметінше, жұмысқа білек сыбана кіріскен диқандар 4,2 млн. гектар егіс алқа­бының 2,9 млн. гектарына бидай сіңірді. Майлы дақылға арналған алқап 892 мың гектар. Сонымен қатар осы күнге дейін 31,1 мың гектар жер­ге картоп пен 6,1 мың гектарға көкөніс отырғызылды. Қазір көпжылдық және біржылдық шөптер егілуде.

Жергілікті ауыл шаруашылығы құрылымдары минералды тыңайтқыштармен, пестицидтермен және жанар-жағармаймен толық қамтамасыз етілген. Биыл 153 мың тонна тыңайтқыш жеткізу бойынша келісімшарт жасалса, соның 101 мың тоннасы топыраққа сіңірілді.

Жаз – шаруалар үшін нағыз қауырт шақ. Атқарылуы тиіс маңызды шаралардың бірі – зиянкестер­мен күрес. Жыл сайын зиянкестердің отызға жуық түрі алқаптарға қауіп төндіретінін атап айтқан жөн. Сондықтан астық шығымдылығын және ауыл шаруашылығы өнімде­рінің сапасын арттыру үшін уақтылы жүргізілген дәрілеудің маңызы зор.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp