Маусымның 6-ы күні өңірде 10 адамнан қауіпті індет анықталды. Соның ішінде сегіз адамда ауру белгісі бар. Науқастар Қызылжар, Есіл, Мағжан Жұмабаев, Мамлют және Тайынша аудандарында тіркелді.
Жалпы, пандемия басталған уақыттан бері өңірде коронавирустық инфекцияға 350064 зерттеу жүргізіліп, 4,3 пайызында ауру анықталды. Ал 6 маусымда ПТР әдісімен 453 адамнан сынама алынды. Инфекция басталған бері облыс бойынша 14905 адам ауру жұқтырды. 2,9 пайызы “COVID-19” вирусын сырттан жұқтырған.
7 маусымдағы жағдайға сәйкес “қызыл” аймақта Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы қалып отыр. Алматы қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстары “сары” аймақта, ал Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары “жасыл” аймақта тұр.
Айнаш САҒЫНДЫҚОВА,
облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау демартаментінің баспасөз хатшысы.