«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жауһар жыры жүректе

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

С.Мұқанов атындағы облыс­тық ғылыми-әмбебап кітапха­на­да жерлесіміз, белгілі ақын, пуб­лицист Есләм Зікібаевтың 85 жылдығына орай “Өлеңі – өмірі” деп аталатын еске алу кеші өтті. Ша­раға М.Қо­зыбаев атындағы СҚУ-дің оқы­тушылары мен студенттері, Е.Серкебаев атын­дағы өнер кол­леджінің сту­денттері, “Қалам­гер” клубы­ның мүшелері, кітап­хана оқыр­мандары мен ақынның туған-туысқандары қатысты.

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің про­фессоры Зарқын Тайшыбай мен атал­мыш университеттің Тіл және әдебиет институтының аға оқытушысы, ғылым магистрі Жазира Көкбас ақынның шығармашылығына жан-жақты тоқ­тал­ды. Республикалық “Egemen Qa­zaqstan” газетінің меншікті тілшісі Жақ­сыбай Самрат ақынмен кездесулері туралы естеліктерімен бөлісті. Оты­рыста қаладағы бір көшеге Есләм Зікі­баевтың есімі беріліп, ескерткіші ор­натылса деген ұсыныс айтылды. Кеш­ке қатысқан ақынның туған қарын­дасы – Сәния Нұрсейітова мен туысқан інісі – Сағат Қуандықов марқұмның адамгершілік қасиеттері, ағалық қам­қорлығы туралы айтып берді.

М.Қозыбаев атындағы СҚУ мен Е.Серкебаев атындағы өнер коллед­жінің студенттері Ақжол Имеш, Диас Аяған, Жалғас Мұқанов ақынның жыр шумақтарын мәнерлеп оқыды. Жи­нал­ғандар кезінде Қазақстан және КСРО-ның халық әртісі Роза Бағла­но­ва орындаған ақынның өлеңіне жа­зыл­ған “Аяулым, арманымдай асы­лым ең” әнін зор ықыласпен тыңдады.

Жиын соңында қатысушылар “Ақын әлемі” атты кітап көрмесін тамашалады.

Рабиға ЕРАЛЫ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp