«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Көлде адасқан балықшы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауы­лының 70 жастағы тұрғыны Сергей Косенко туыс­­тарына ескертпеген күйі таңертең көлге ба­лық аулауға ке­тіп қалған. Кешке жақын зейнеткер балалары­на телефон соғып, көл ортасында бағытынан ада­сып кеткенін айтқан. Немересіне көлдің Аққайың ауданының Дайындық ауылына жақын жерде екенін айтып үлгеріпті. Содан кейін телефоны өшіп, байланыс үзіліп кеткен.

Өздігінен қарияны таба алмайтынына көз жет­кізген балықшының немерелері “112” нөміріне хабарласып, көмек сұраған. Аққайың ауданының учаскелік полиция инспекторы мен төтенше жағ­дайлар жөніндегі қызметкерлері адасып кеткен ер адамды іздеуге кіріскен. Бес сағат бойы көлде адасқан зейнеткер қамыс арасынан көрінген жа­рықты байқап, жағалауға қарай жүзген. Жаңбыр­дан малмандай су болып, қатты тоңған оны жа­ға­лауда туыстары күтіп алды. Балықшы құтқару­шы­ларға алғысын білдірді.

Ерлан МАХМЕТОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp