«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Петропавлдың өз Арбаты пайда болды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда суретшілер мен қолөнершілердің, ақын-жазушылар мен музыканттардың басын қосқан «QYZYLJAR» art-орталығы жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«QYZYLJAR» арт-орталығы – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың бастамасы. Облыстық тарихи-өлкетану музейінің жанынан ашылған орталықтың құрылысы былтыр күзде басталған еді. Жергілікті бюджеттен 120 млн теңге қаржы жұмсалып, нәтижесінде жаңа мәдениет нысаны бой көтерді.

Орталық көктем-жаз айларында жұмыс істейді. Қала тұрғындары мен қонақтары бұл жерде суретшілердің, қолөнершілердің көрмелерін тамашалап, өздері де сурет салып, кәдесый жасап үйрене алады.

«Облыстың барлық суретшілері мен қолөнершілері бұл жерде өз көрмелерін өткізіп, бұйымдарын саудалай алады. Сахна орнатылған. Өнерпаздардың концерттері ұйымдастырылады. Ашық аспан астындағы кинозал бар.

Дәмханалар жұмыс істейді. Біздің мақсатымыз – демалушыларға жайлы жағдай жасау», – дейді СҚО тарихи-өлкетану музейінің директоры Гүлнар Мұқышева.

Арт-орталық негізгі үш аймаққа бөлінген. Біріншісі – жәрмеңке өтетін жер, екіншісі – түрлі көрме залдары болса, үшіншісі – қолөнершілердің шеберханалары.

Мәдени нысанның ашылуына келгендер жергілікті суретшілердің «Шабыт» және Уәлиханов ауданында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлердің «Қызыл оба құпиясы» көрмелерін тамашалауға мүмкіндік алды. Балалар да ұмыт қалмаған. Мұнда робототехника, папперкрафт сияқты түрлі үйірмелер жұмыс істейді.

«Qyzyljar» арт-орталығы күнде сағат 10.00-23.00 аралығында ашық. Кіру тегін.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp