«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТІЛІМ – ТҰҒЫРЫМ!

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазір жаһандану заманы. Адамдар қалаған, қызыққан дүниесіне еш қиындықсыз қол жеткізе алады. Дегенмен енді ғана қанатын жайып, көк­ке құлаш сермеген Қа­зақстан сияқты жас мемлекет үшін бұл бір қиын кезең, ауыр жол. Неге? Өйткені бізде еліктеу­шілік басым. Бір елдің қаңсы­ғын таңсық көреміз. Әлем­дегі озық жетістіктерге қы­зығу, тәжірибе жинау қажет-ақ. Бірақ әр нәрсенің шегі болады.

Озық технологияны игеремін деп жаңа­шыл­дыққа бой алдырған жастар өзінің­ ұлттық құндылықтарын аяқ асты етуде. Ғылым мен техниканы меңгеремін деп жүріп, өз тілін үйренуге ынтасы болмай қал­са, міне, сол қауіп. Мәселен, уни­верситетте оқитын кейбір за­ман­дастарым өз ана тілінде сөй­леуге шорқақ. Көп тіл білу – заман та­лабы. Бірақ өзге тілдің бәрін білсек те, өз тілімізді құрметтеу керек екенін естен шығармаған жөн.

Онсыз да ана тіліміздің көсегесі көгеріп тұрғаны шамалы. Алдымен техниканың тілін түсініп, сосын өз құндылықтарымызды паш етеміз десек кеш қаламыз. Ол кезде ана тіліміз құрдымға кетуі мүмкін. Тіл – ұлттың тұғыры, рухы мен намысы. Қазақ ұлтының кешегісі мен бүгіні, бүгіні мен болашағының арасын жалғап тұратын еспелі арқан.

Тіл атүсті қарайтын мәселе емес. Бұл орайда, Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсын­ұлының: “Егер де біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағандай тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлаумыз керек”, – де­ген сөзі ойға оралады. Сондықтан елдің болашағын ойласақ, тілді қадірлеу керек. Бүгінде бесік тәр­биесі дейтін ұғымды кейбір жас ата-аналар біле бермейді. Ана тіл­дің бастауы – бесік жыры. Бесік жы­рын тыңдап өскен баланың ана тіліне деген сүйіспеншілігі зор бо­лары анық.

Сержан НҰРДОЛҚЫНҰЛЫ.

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің 2-курс студенті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp