«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨГІЛДІР ЭКРАННЫҢ САПАСЫ АРТАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстанда аналогты телеви­зи­яның орнына цифрлық телеви­зия келеді. Бұл дегеніміз, Қазақ­стан тұрғындары біртіндеп теле­хабар таратудың әлемдік дең­гейіне көшеді деген сөз. Цифрлық эфирлік телехабар тарату ана­логты телевизияға қарағанда көп­теген артықшылықтарға ие. Не­гізгі артықшылығы – оған қосылудың қарапайымдылығы, қолжетімді телеарналар санының ар­туы, түрлі кедергілер мен або­ненттік төлемнің болмауы.

Бүгінгі таңда Қазақстан хал­қының 86 па­йыздан астамы цифр­лық телехабар таратуға қол жеткізе алады. Мысалы, бұрын Түркістан облысының шалғай­да­ғы ауылдарының тұр­ғын­дары 1-2 қазақстандық телеарнаны ғана көре алса, кейде тіпті Өзбекстаннан сигнал қабылдаса, қазір олар­ға шамамен 15 теле­арна қол­жетімді.

Бүкіл ел бойынша көруге болатын алғаш­қы мультиплекске – “QA­ZAQ­STAN”, “Хабар”, “Хабар24”, “BALAPAN”, “ЕЛ АРНА”, “QAZ­SPORT”,“Kazakh TV”, “Первый ка­нал Евразия” сияқты Қазақстанның ірі телеарналары және бір өңірлік телеарналар кіреді. Екін­шісіне – бүкіл Қазақстан аумағына та­ралмайтын, бірақ география­лық аймақтарды қамтитын теле­арналар кіруі мүмкін.

Бұл ретте, цифрлық телехабар таратуға толық көшкеннен кейін, белгіленген тарифтер бойынша шарт негізінде елдің кез келген телеарнасы мультиплекске кіре ала­ды. “Те­лерадио хабарларын та­рату туралы” Заңның 42-бабы 4-тармағына сай комиссияның ұсы­нымы бойынша теле-радио хабарларын тара­тудың ұлттық опе­раторы тарататын еркін қол­же­тімді телерадио арналарының тізбесі қалыптастырылады. Ірік­теу конкурс негізінде жүзеге асы­рылады, оның тәртібін уәкілетті орган айқындайды. Яғни Қазақ­стан Респуб­ликасы Ақпарат және қоғамдық даму ми­нистр­лігі еркін қолжетімді теле-радиоарна­лардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс жариялайды. Бұл туралы ақпарат https://tsetv.kz/ сайтына шығады. Келесі кезең – конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінім­дерін қарау және жеңімпаздарды анықтау бойынша ұсыныстар енгізу, оны теле-радио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия жүзеге асырады. Одан кейін Қазақстан Республикасы Инвести­циялар және даму ми­нистрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі бұйрығымен бекітілген теле-ра­дио хабарларын таратудың ұлт­тық операторы тарататылн еркін қолжетімді теле-радио-арна­ардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағида­ларына сәйкес конкурс өткізіледі.

Комиссия мүшелері мульти­плекстің әле­ует­ті мүшелерінің өтінімдерін қарағанда не нәрсеге назар аударады? Үміткер бірін­шіден шығармашылық өтінім ұсы­нады: теле-ра­дио-арнаның ха­бар тарату торы, тақырыптық ба­ғыттылығы мен жанрлық ерек­ше­лігін си­пат­тайды, бұл ақпараттық, аналитикалық, пуб­лицистика­лық, жастар мен балалар, музы­ка­лық бағдарламалар, фильм­дер мен сериалдар болуы мүм­кін. Хабар таратудың тілдік қаты­насына, бағдарламаларды мемлекеттік тілде трансляциялау уа­қытына ерекше назар аударыла­ды, сондай-ақ жеке бағдар­лама­лар мен сатып алынған контент­тің санын көрсе­теді. Сонымен қа­тар үміткер арна төлем қа­білет­тілігін және сапалы мазмұнды тұрақ­ты негізде шығару мүмкіндігін дәлелдеуі керек. Мультип­лекс­терде болу үшін телеарналар ай сайын жалдау ақысын төлейді, есесіне өз сигналын нақты сапа­да және елдің аумағында беру мүмкіндігін алады.

Лилия ШАЙМАРДАНОВА,

“Қазтелерадио” АҚ-ның баспасөз қызметкері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp