«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Азат елдің арда ұлдары

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Егемен ел боламыз деген шақта,

Отырып алған жоқ па, Колбин таққа.

Намыстан жастарымыз кетті күйіп,

Көтерілді шыдамай бұл мазаққа.

 

Қылшылдаған бірталай ұл мен қыздар,

Әрекетке барды ғой жүрек сыздар.

Өлуге бар, белдерін бекем буып,

Шықты жастар ішінде Қайрат сұңқар.


 

Қаймықпады, қайтпады қанды жолдан,

Ерлігіне азаттық арқау болған.

Қан-жоса боп басылып жатса дағы,

Жеңіс еді бір ғана болған арман.


 

Қайсарлықтың қас шеберін іздесек,

Басымызға бір іс түспей білмес ек.

Ортамызда жүр екен-ау желпініп,

Қайрат сынды кілең жастар кім десек?


 

Жас буынның буы демек бұлқынған,

Тулайтұғын еркіңнен тыс, ырқыңнан.

Тағдырлары талқан болып жатса да,

«Жаным қымбат емес деді ұлтымнан».


 

Тап осылай қыршын кеткен жастарым,

Жасқанбады оққа тігіп бастарын.

Оттай ыстық, жанып тұрған жалынды,

Құрбандыққа шалды жастық шақтарын.

 

Тұяқбай СҮЛЕЙМЕНОВ,

Бескөл ауылының тұрғыны.

Қызылжар ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp