«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАУЫМДАСТЫҚҚА БІРІГУДІҢ ПАЙДАСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекет басшысы 2020 жыл­ғы 25 маусымда қол қойған “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ерекшеліктерінің бірі тұтынушылардың шағымдарын қараудың үш сатылы жүйесін енгізу болып табылады. Осы заңның талаптарына сәйкес Сауда және интеграция министрінің бұйрығымен тұтынушылық дауларды сотқа дейін реттеу субъектілерінің тізбесі бекітілді. Бұл тізбеге жұмыс істеп тұрған барлық тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері енгізілді.

Қазіргі уақытта елімізде жұмыс істеп тұрған тұтынушылардың 112 қоғамдық бірлестігінің 65 субъектісі тек қана тұтынушылардың мүдделерін қорғау бойынша жұмыс істейді және 47 субъектісі бір мезгілде тұтынушыларды да, кәсіпкерлерді де қорғауды жүзеге асырады. Бұл ретте олардың тек 40-қа жуығы тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органдармен белсенді өзара іс-қимыл жасайтынын айта кеткен жөн.

Сонымен қатар қоғамдық бірлестіктерде салалық белгі құрылған жоқ, мәселелерді шешуде тар мамандану мен бірыңғай тәсіл енгізілмеген. Олардың көпшілігі бытыраңқы жұмыс істейді, бұл мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың тиімсіздігіне әкеліп соғады.

Қазақстанда Бірыңғай ұлттық тұтынушылардың қауымдастығын құру, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі омбудсмен институтын енгізу қажеттілігі туралы министрліктің ұсыныстары қоғамдық бірлестіктер арасында белсенді талқылануда.

Бұл бастама шетелдердің халықаралық тәжірибелеріне негізделген. Мысалы, Германияда 30-дан астам қоғамдық ұйым бірыңғай тұтынушылардың одағына біріктірілген, онда әртүрлі салалар (сауда, қаржы, сақтандыру және т.б.) бойынша білікті сарапшылар жұмыс істейді және бұл дауларды мемлекеттік құрылымдардың қатысуынсыз шешуге мүмкіндік береді. Осындай институттар Сингапурда, Жапонияда және Австралияда өзінің тиімділігін әлдеқашан дәлелдеген. Олардың негізгі міндеті заңнаманы қалыптастыру және іске асыру кезінде тұтынушылардың мүдделерін қолдау болып табылады.

Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерін бір қауымдастыққа біріктіру мынадай мүмкіндіктер береді: “Саннан са­паға” қағидаты бойынша бірлестіктер институтын қайта форматтау, өйткені тұтынушылар үкіметтік емес ұйымдардың сенімділігі мен маңыздылығы туралы білгісі келеді. Бүгінгі таңда елде тіркелген тұтынушылардың құқықтарын қорғау ұйымдарының саны өскенімен олардың басым бөлігі номиналды, яғни қағаз жүзінде ғана бар; барлық үкіметтік емес ұйым­дар үшін тең мүмкіндіктерді қолдану, оның ішінде әділетті азаматтық қоғам құра отырып, ауылдық жерлерде орналасқандарды қамтамасыз ету; сауда, қар­жы, медицина, туризм және т.б. салалар бойынша үкіметтік емес ұйымдардың қызметінде тар бейінді бағыттарды дамыту; тұтынушылық дауларды шешуге мемлекеттің қатысуын барынша азайту.

Өз кезегінде, тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін дұрыс қорғауды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдар­дың қызметін бақылау мақсатында тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі омбудсмен институты ұсынылады. Сондай-ақ ол азаматтық қоғамның спикері рөлін және бірыңғай ұлттық тұтынушылар қауымдастығының өкілдік функцияларын өзіне алады. Оны сайлауды азаматтық қоғамның өзі жүзеге асырады.

Осылайша Қазақстан аймағында кең таралған өкілдіктер жүйесімен ұлттық тұтынушылардың қауымдастығын және үкіметтік емес ұйымдар базасында омбудсмен институтын құру тұтынушылардың құқықтарын тиімді қорғау және қазақстандықтарды сапалы тауарлармен (жұмыстармен, қызметтермен) қамтамасыз ету деңгейін арттыруға көмектеседі.

Ләзім МИЯШЕВА,

облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp