«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ұрлықты кәсіп қылған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Полицейлер Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда ел кезіп, ұрлық жасап жүрген адамды ұстады. 37 жасар қазақстандық қылмыс жасау мақсатында еліміздің көптеген қалаларын аралаған екен.

Өткен аптада Петропавлдағы сауда нүктелерінің бірінің иесінің 600 мың теңгеден аса ақшасы бар әмияны ұрланған. Қалалық поли­ция басқармасының жедел уәкілдері ұрының ізіне бірден түскен. Бұған сауда үйіндегі бейнебақылау камераларының көмегі тиген. Оның іс-әрекеті күдікті көрінген. Мәлімет барлық бекеттерге жіберіліп, патрульдік полиция батальоны мен аумақтық бөліністердің қызметкерлеріне тапсырма берілді. Күдікті облысымыздың аумағынан шыға алмады. Полицейлер оны кешке қарай Новоишимское ауылында қолға түсірді. Күдіктінің көлігінен ұрланған ақша табылды. Қазіргі уақытта ол қамауға алынды.

Динара САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің аға инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp