«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Соңғы минутта соғылған гол

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бір апталық үзілістен кейін фут­болдан ел біріншілігі қайта жал­ғас­ты. 15-ші турда “Qyzyljar” клу­бы сырт алаңда қарағандылық “Шахтермен” кездесті. Бұл кезде­суге дейін қос команданың тур­нирлік кестедегі жағдайы мәз емес еді.

Қарағандылықтар қата­рынан 3 мәрте жеңіліс тауып, 13-ші орынға жайғасқан болатын. Ал сол­түстікқазақстандық команда бол­са соңғы 3 ойында тек 1 ұпай еншілеп, 8-ші сатыға тұрақтағанды. Сон­дықтан қарсыластар матч­тың алғашқы минуттары­нан-ақ бел­сенділік танытып, же­ңісті қолдан бермеуге тырысты. Бірақ бірінші таймда таб­ло­дағы есеп өзгеріссіз қалды.

Ойынның екінші бөлігінде алаң иелері Вячеслав Лобанцев күзет­кен қақпаға бірнеше қауіпті ша­буыл ұйымдастырды. Десе де есеп біразға дейін өзгермеді. Тек кездесудің 89-шы минутында ғана қызылжарлықтар алға шық­ты. Жерлесіміз Руслан Есі­мов алыс­тан нысананы дәл көздеді. Сырт алаңдағы жеңістен кейін “Qyzyl­jar” клубы турнир кес­те­сінің 5-ші сатысына көтерілді.

Бахыт ХАЙРЛЫС,

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің студенті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp