«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Су түбінен табылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстікқазақстандық құтқару­шы­лар Есіл өзенінен 8 жасар қыз­дың жансыз денесін тапты. Есіл ауданындағы Покровка ауылында қыз баланың хабарсыз кеткені жа­йында хабар маусымның 8-і күні келіп түскен болатын.

Есіл аудандық полиция бөлімі­нің бастығы Ерлік Есләмбековтің айтуынша, қыздың жоғалғаны ту­ралы ақпарат түсе салысымен же­дел іздестіру жұмыстары бастал­ған. Белгілі болғандай, сағат 20.00 шамасында ешкімге айтпай үйден шығып кеткен. Ол не­мере іні­сімен бірге суға шомылуға барған. Өкі­ніш­ке қарай, ойынның соңы қай­ғы­лы аяқталды. Есіл өзе­нін тек­сер­ген құтқару жасағының сүңгуір­лері қыздың мүрдесін су тү­бінен тапты. Іздеу шараларына же­ке құ­рамның 19 қызметкері және 7 тех­ника жұ­мылдырылды. Марқұм­ның мүрде­сі сот-медициналық са­рап­тамаға жіберілді.

Күн жылынғалы облыста 7 адам суға кет­ті, олардың үшеуі – кәмелеттік жас­қа толмағандар.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp