«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРТТАР ҮЙІНДЕГІ АХУАЛ арнайы топ назарында

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Nur Otan” партиясының қазақ­стандықтардың, оның ішінде мүгедектігі бар адамдардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған “Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!” атты сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасын іске асыру үшін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мониторинг тобы құрылды. Оның құрамына “Nur Otan” партиясы филиалының, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің, денсаулық сақтау басқармасының, облыстың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері және Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің мүгедектер ісі жөніндегі кеңесшісі кірді. Арнайы топ өкілдері сәуір айында Тайыншадағы “Надежда” және Смирноводағы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында тұрып жатқан қарттар мен мүгедектігі бар адамдардың жағдайымен танысты.

Қызметтік бөлмелер, азық-түлік, киім-кешек, қажетті заттарды сақтайтын қоймалар қаралды. Қарттар үйлерінде санитарлық талаптар сақталған, қарттардың бөлмелер ішінде жүріп-тұруына ыңғайлы арнайы қондырғылар орнатылған, қажетті жиһаздармен, техникалармен жабдықталған, бөлмелері таза. Қарттар мен мүгедектер бөлмелерге денсаулық жағдайы, жасы, жынысы және психологиялық сәйкестігі есепке алына отырып орналастырылған.

Мекемелерде коронавирустық індеттің алдын-алу бойынша қажетті шаралар қабылданған (дезинфикциялық және жеке қорғаныс құралдарының қоры жеткілікті). Орталықтарда қызмет алушылар арасында коронавирустық індеттің жұғу фактілері тіркелген жоқ. Оларға күніне алты рет құнарлы тағам беріледі. Бұған қоса жеке, тәуліктік, апталық, ке­зеңдік ас мәзірлері бар.

Мониторинг кезінде кейбір кем­шіліктер де анықталды. Мысалы, Смирнов әлеуметтік қызмет көр­сету орталығында қызмет алушы­лардың спортпен шұғылдануына арналған жаттығу залы тар, дене шынықтырумен айналысулары­на ыңғайсыз. Сондықтан залды көлемі үлкен бөлмеге көшіру немесе көлемін ұлғайту туралы ұсыныс берілді.

“Арнайы әлеуметтік қызмет көр­сету стандарттарына” сәйкес қыз­мет алушылардың ұстанатын ді­нін еске­ре отырып, діни рәсімдер­ді өткізу үшін жағдай жасалуы қажет. Алай­да Тайыншадағы “На­дежда” әлеуметтік қызмет көрсету орта­лығында бұл жағдай ескеріл­меген, сондықтан жеке бөлме бөлу туралы ұсыныс жасалды.

Мониторинг нәтижелері бо­йынша анықталған ескертулерді жергілікті атқарушы орган өкіл­дері назарына алып, тиісті шара­лар қабылдау үшін жұмыстар жүр­гізіп жатыр. Еңбек, әлеуметтік қор­ғау және көші-қон комитетінің Сол­түстік Қазақстан облысы бойын­ша департаменті міндеттерінің бірі – медициналық-әлеуметтік ме­кемелерде және басқа да әлеу­меттік қызмет көрсететін ұйым­дарда мүгедектігі бар адамдар­дың сапалы, толық және уақы­тында арнайы әлеуметтік қызмет алуына мемлекеттік бақылау жүр­гізу болып табылады. Қазіргі уа­қытта облыстың барлық әлеумет­тік қызмет көрсету орталық­тарын­да аудан прокуратураларымен бірлескен тексерістер жүргізіліп жатыр. Медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметіне мемле­кеттік бақылау жүргізу бойынша жұмыстарды департамент әрі қа­рай да жалғастыратын болады.

Гаухар ҒАБДУЛЛИНА,

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің облыстық департаменті халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp