«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОҒАМДЫҚ ИММУНИТЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ — қауіпті дертпен күрестің сенімді жолы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыста 50 мыңнан астам тұрғын коронавирус инфекциясына қарсы толық вакциналаудан өтіп үлгерді. Ал екпенің бірінші компонентін қойдыртқандар саны 82 мың адам.

Облыста коронавирус індетіне шалдығу көрсеткіші азайып келе­ді. Әсіресе, облыс орталығында аурудың таралу қарқыны бәсеңдеді. Маусымның 13-інде ПТР талдамаларын жасау арқылы КВИ жұқтырудың 13 фактісі анықталды. 10 жағдай өңір аудандарына тиесілі. Науқастардың көпшілігі, яғни 85 пайызы өздерін нашар сезінген.

– Петропавл қаласында індет 3 адамнан анықталды. Мағжан Жұ­мабаев және Мамлют аудандарында 4 жағдайдан, Қызылжар және Шал ақын аудандарында 1 фактіден тіркелді, – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Денсаулық сақтау саласының мамандары қауіпті індеттен шектеу шаралары арқылы емес, қоғамдық иммунитетті күшейту арқылы ғана құтылуға болатынына сенімді. Сондықтан облыс көлемінде халықты вакциналау шаралары жалғасып жатыр. Екпе еркін түрде қойылады. Кез келген өңір тұрғыны өзіне ыңғайлы уақытта жақын орналасқан егу пунктіне барып, өзі қалаған вакцинаны қойдырта алады.

Аудан­дар­да екпе салу орын­да­ры негізі­нен ауруханалар мен дәрігерлік амбулаторияларда ор­на­ласқан. Мәселен, Мамлют ау­данында екі пункт Мамлютка қа­ласының өзін­де, бесеуі ауылдар­дағы амбула­торияларда ашыл­ған. Мағжан Жұ­мабаев ауданын­да 6, Есіл ау­да­нында 7 егу каби­неті жұмыс іс­теп тұр. Ауыл тұр­ғын­дарына ың­ғайлы болуы үшін жыл­­жымалы пункттер, яғни вак­ци­на салу авто­бустары да жолға шықты.

Жамбыл ауданында “COVID-19”-ға қарсы вакциналау үшін 6 ме­дициналық кабинет бөлінді. 2 орын Благовещенка дәрігерлік ам­булаториясында, 4 кабинет ау­дандық ауруханада жасақталған. Пресновкадағы Мәдениет үйінде де вакциналаудан өтуге болады. Бұларға қосымша аудандағы ел­ді мекендерге 6 бригада арнайы шығып отырады.

Петропавл қаласы бойынша ек­пені 20 шақты арнайы бел­гі­лен­ген орындарда салдыруға бола­ды. Мы­салы, №1-ші емхана егу пункт­те­рін Винокуров атындағы спорт сарайында, С.Мұқанов атын­­дағы об­лыстық ғылыми-әм­бе­бап кітапханада, “Алтын ар­ман” базарын­да және емхананың өзінде ұйым­дастырған. Екінші ем­ханаға қа­рас­ты тұрғындар екпені осы ем­деу мекемесінің барлық филиал­да­рында немесе Мұхтар Әуезов кө­шесіндегі халыққа қыз­мет көр­се­ту орталығында, Жас­тар сара­йын­да ала алады. Үшінші емхана өз филиалдарынан бө­лек, “Сити молл” ойын-сауық ор­та­лығында да екпе салып жатыр. Сонымен қа­тар “Денсаулық” жеке коммерция­лық емес емханасын­да, Пет­ро­павл құрылыс-экономи­калық кол­леджінде, полиция де­пар­та­менті­нің госпиталі мен қалалық по­ли­­ция бөлімінде екпе қою орын­да­ры жасақталған, – деп ха­барла­ды облыстық денсаулық сақ­тау бас­қармасының баспасөз қызметі.

Жақында екпе қою орындары “Тайга” базары мен С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма теат­рында да ашылды.

Гүлмира ШОҚТЫБАЕВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp