«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«Ashyq» қосымшасы арқылы қабылдайды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 11 маусымдағы №27 қаулысына сәйкес, маусымың 14-нен бастап халыққа қызмет көрсету орталықтары «Ashyq» сервисі арқылы клиенттерді қабылдауға көшеді. Арнайы  мәртебесі бар солтүстікқазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді кезексіз алуына болады.

«Ashyq» қосымшасы бойынша барлық  жерлердегі ХҚО-ға кіру қолжетімді болады. Қалалардың әрбір фронт-офисіне сканерлеу үшін арнайы дербес QR-код берілген. QR-кодтары ғимаратқа кіре берісте ілінеді. Бұл ретте кезекке алдын ала брондау мүмкіндігі бұрынғысынша қалады. Оның артықшылығы–белгіленген уақытта оператордың қабылдауына бірден өтуге болады.

Егер қызметті алушыда Ashyq қосымшасы болмаса, жақында ғана «Ashyq» функционалы енгізілген «eGov mobile», «Kaspi.kz» және «Halyk Homebank» қосымшаларын пайдалана алады. Осы қосымшалар болмаса да, мәртебені халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері ЖСН бойынша анықтайтын болады.

Ерназар НҰРҒАЛИЕВ,

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp