«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Отбасын қашан құру қажет?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Үйлену оңай, үй болу қиын” деп тегін айтылмаса керек. Қа­зақ халқы ежелден жастардың шаңырақ көтеріп, шағын мем­лекетке айналуын маңызды қа­дам ретінде бағалайды. Отба­сын құру – ойланып жасайтын қадам әрі үлкен жауапкершілік. Осынау жауапкершілікті жас­тар қалай сезінеді? Жалпы, қа­шан отбасын құрған жөн? Бұл орайда жастардың арасында сауалнама жүргізген едік.

Нұржол ҚОЗЫБЕКҰЛЫ, Петро­павл қаласының тұрғыны:

– “Он үште отау иесі” дейді. Атам қа­зақ мұны текке айтпаса керек. Қа­зір кейбір замандастарым үйле­нуге асықпайды. Жұмыс істеп, пәтер алған соң үйлену туралы ойлай бас­тайды. Әрине, жұмысың, өзіңнің бас­панаң болғаны жақсы. Бірақ ба­қыттың кілті баспанаға тіреліп тұр­ған жоқ. “Бас екеу болмай, мал екеу болмайды” деген мақалдың жаны бар. Өзім жиырмадан асқан соң от­басын құрдым. Құдайға шүкір, қазір бала-шағам бар. Күйбің тірліктің қа­мымен жүрген кейбір құрдаста­рым болса әлі үйленген жоқ. Сәби күл­кісі шықпаса, зәулім үйден не пай­да? Жігіттер 23-24 жасында үй­ленсе құптарлық. Оған дейін оқу оқып, жұмысқа да орналасуға бола­ды. Сондықтан жастар теңін тауып, дер кезінде отбасын құрса дұрыс қой. Сүрбойдақтардың қатарын кө­бейтіп, отау құрмаған ер-азаматтар­ға айтарым, уақытты босқа өткізудің қажеті жоқ. Дүние – қолдың кірі. Бү­гін бар, ертең жоқ. Ал отбасы – ба­қыт мекені. Осыны барлық адам тү­сінсе екен.

Айнұр БОЗҒҰЛАНҚЫЗЫ, жас маман:

– Қазір елімізде ажырасу көрсет­кіші жоғары. Мұны бүгінгі қоғамның дерті десек, артық айтқаным емес. Жас­тардың бір-бірін дұрыс түсін­бей, өзара тіл табыса алмауынан от­басының шырқы бұзылады. Жұбай­лардың өз өмірлеріне немқұрай­ды­лық танытуы да осындай жағдайға душар етеді. Дегенмен әр адам ба­қытты болсам дейді. Бірақ өмір біз ойлағандай оңай емес. Кейде сенім артқан адамыңның өзіңнен сырт айналатын кездер болады. Қателік жасамау үшін қыз-жігіттер бір-бірін танып, білген соң үйленуі қажет. Асығыстық – шайтан ісі. Адам қай жаста үйленсе де бақытты болуға ұмтылғаны жөн. Ал отбасы түгіл, өзін асырай алмай жүрген жан­дар­ға қандай үміт артуға болады? Еу­ропада жастар кеш тұрмыс құрады. Олар ешнәрседен қалып жатқан жоқ. Сондықтан біраз уақыт жұмыс істеп, барлық жағдайды жасап ал­ған соң отбасын құрған дұрыс. Тұр­мыстық жанжалдың дені жетіспеу­шіліктен орын алады.

Сауалнаманы жүргізген

Айсұлу ХАНАТ,

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің 2-курс студенті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp