«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

РОНАЛДУ РЕКОРД ЖАҢАРТТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Футболдан Еуропа біріншілігінің бірінші айналымы аяқтал­ды. “Е” тобындағы Польша мен Словакия матчында Роберт Левандовский бастаған жігіттер фаворит саналғанымен, ойындары ойдағыдай болмай, 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Ал “D” тобында Шотландия мен Чехия құрамалары әдемі футбол өрнегін көрсетіп, қауіпті шабуыл­дар­мен жанкүйерлердің делебесін қоздырды. Чехтар кәрі­құрлық чемпионатындағы тәжіри­белері­нің арқасында қарсылас қақ­пасы­на жауапсыз 2 гол салып, турнир­дегі алғашқы 3 ұпайына қол жет­кізді. Бұл топта Испания Швеция­мен тең түсті. Екі ұжым да есеп аша алмады.

“F” тобында алғашқы айна­лым­­да Еуропа чемпионы Порту­галия­ға Венгрия құрамасы қарсы­лас атанды. Ойынның 84-ші ми­нутына де­йін Криштиану Роналду баста­ған команда гол соға алмай жан­күйерлерді састырды. Бірақ бар күш­терін ойын соңына сақтап жү­ріпті, алдымен Рафаэл Гер­рейру есеп ашса, кейін айып нүк­тесіне келген Криштиану Роналду да мүлт кетпеді. Көп ұзамай пор­тугалдық жұлдыз тағы бір гол соғып, есепті 3-0-ге жеткізді. Осы­лайша Криштиану Еуропа бірін­шілігінің та­рихында ең көп доп соқ­қан ойын­шы атанып, рекорд жа­ңартты.

Осы топтағы әлем чемпион­да­ры француздар Германия құра­ма­­сы­мен шеберлік сынасты. Матч­­тың 20-шы минутында өз қақпа­ла­рына өздері гол соғып алған не­містер ұтылып қалды.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp