Футболдан Еуропа біріншілігінің бірінші айналымы аяқталды. “Е” тобындағы Польша мен Словакия матчында Роберт Левандовский бастаған жігіттер фаворит саналғанымен, ойындары ойдағыдай болмай, 1:2 есебімен жеңіліп қалды.
Ал “D” тобында Шотландия мен Чехия құрамалары әдемі футбол өрнегін көрсетіп, қауіпті шабуылдармен жанкүйерлердің делебесін қоздырды. Чехтар кәріқұрлық чемпионатындағы тәжірибелерінің арқасында қарсылас қақпасына жауапсыз 2 гол салып, турнирдегі алғашқы 3 ұпайына қол жеткізді. Бұл топта Испания Швециямен тең түсті. Екі ұжым да есеп аша алмады.
“F” тобында алғашқы айналымда Еуропа чемпионы Португалияға Венгрия құрамасы қарсылас атанды. Ойынның 84-ші минутына дейін Криштиану Роналду бастаған команда гол соға алмай жанкүйерлерді састырды. Бірақ бар күштерін ойын соңына сақтап жүріпті, алдымен Рафаэл Геррейру есеп ашса, кейін айып нүктесіне келген Криштиану Роналду да мүлт кетпеді. Көп ұзамай португалдық жұлдыз тағы бір гол соғып, есепті 3-0-ге жеткізді. Осылайша Криштиану Еуропа біріншілігінің тарихында ең көп доп соққан ойыншы атанып, рекорд жаңартты.
Осы топтағы әлем чемпиондары француздар Германия құрамасымен шеберлік сынасты. Матчтың 20-шы минутында өз қақпаларына өздері гол соғып алған немістер ұтылып қалды.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.