«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘКІМДЕР ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт То­қаев биылғы жылдың 24-і ма­мырында “Казахстанская правда” газетінде жарияланған “Заложники рав­нодушия” атты мақалада көтерілген мәселе бойынша тексеру жұмыс­тарын жүргізу жөнінде тапсырма берген болатын. Мақалада Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстік өңірлерден көшіп келушілерге арнап салынған тұрғын үйлердің сапасы­ның нашарлығы туралы сөз болған еді. Тексеру қорытындысы туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің “Facebook”-тегі парақшасында жазды.

“Жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша мақалада келтірілген деректер расталды. Үкімет пен облыс әкімдігі анықталған кемшіліктерді жою жұмыстарымен айналысуда. Ұйымдастыру жұмыстарында олқылықтарға жол бергені үшін Солтүстік Қазақстан облысындағы Айыртау және Есіл аудандарының әкімдері қызметтерінен босатылды. Облыс әкімінің орынбасары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру жөніндегі облыстық басқарманың басшысы, сондай-ақ бес ауданның әкімі тәртіптік жауапкершілікке тартылды”, – делінген әлеуметтік желідегі хабарламада.

“Қызылжар-Ақпарат”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp