«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Абылай мұражайы – Көкшеде

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Абылай хан резиденциясы” му­зей-кешені Көкшетау қаласында ұлы ханның 310 жылдығына орай “Тәуел­сіздік туын биік көтерген Абылай хан” атты жылжымалы көрме ұйымдас­тырды.

Көкшетау мен Қызылжар – ұлы­лар­дың қасиетті мекені. Олардың ел үшін жасаған ерліктерін насихаттау мақса­тында “Абылай хан резиден­ция­сы” музей-кешені мен Мәлік Ғаб­дуллин му­зейі өзара ынтымақтастық меморан­ду­мына қол қойған болатын. Ақмола облы­сы­ның мәдениет, архив­тер мен құ­жат­тамалар басқармасына қарасты Мәлік Ғабдуллин музейінде ел Тәуел­сіздігінің 30 жылдығы мен Абы­лай хан­ның 310 жылдығына ар­налған “Тәуел­сіздік туын биік көтер­ген Абы­лай хан” атты жылжымалы көрме сал­танатты түрде ашылды.

Іс-шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова қа­тысып, шараның қос өлке үшін ма­ңыз­дылығын атап өтті. “Есіл-Көкше өңі­рі – түпкі тарихы бір-бірімен біте қайнасып жатқан, талай ұлыларды дүниеге әкел­ген қасиетті мекен. Үш жүз­дің ба­сын қосқан Абылай хан мен Атығай Қа­рауылдың бетке ұстар биі Қанай ше­шен арасындағы достық пен селкеу түспеген сенімділік кешегі та­рих бет­те­рінде таңбаланып жазылып қалды. Қанай шешен қазақ халқының қаһар­ман ұлы, мемлекет және қоғам қай­рат­кері Мәлік Ғабдуллиннің тоғызын­шы атасы”, – деп жазушы, драм­матург, “Тіршілік” ЖШС-нің директо­ры Жабал Ерғалиев тарих беттерінен деректер келтірді.

Әсемгүл ҚЫДЫБЕКОВА,

“Абылай хан резиденциясы” музей-кешені директорының орынбасары

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp