«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Басымдық – мал шаруашылығында

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен баспасөз мәслихатына қатысқан Жамбыл ауданының әкімі Марат Ескендіров негізгі салаларда атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.

2020 жылдың қорытындысы бо­йынша ауыл шаруашылығын­да нақты көлем индексі – 101,6, өнер­кәсіпте – 109,3, инвестиция тар­туда – 108,2, құрылыста – 108 па­­йызды құрапты. 495 жаңа жұ­мыс орны ашылып, салық түсімі 43,4 млн. теңгеге асыра орындал­ған.

Ауыл шаруашылығы саласын­да егіншілікпен қатар мал ша­руа­шылығы жақсы дамып келеді. Үс­тіміздегі жылы 4 ірі жоба жүзеге асады. “Алисарай” ЖК 600 басқа шақталған тауарлы-сүт ферма­сын салады. Қазір кәсіпкерге жер учаскесі бөлініп, жобалық-сме­талық құжаттама әзірленіп жа­тыр. Симменталь тұқымдас ірі қа­ра сатып алуға келісімдер жа­сал­ды, 15 жұмыс орны ашылатын бо­лады. Ал “Екпін 2002” ЖШС-і екі мың басқа шақталған қой фер­ма­сын ашуды көздеп отыр. Маусым­ның соңында серіктестікке ал­ғаш­қы 800 бас ұсақ мал жеткізі­ле­ді. Қалғаны қазан айында алына­ды. “Атамекен Агро” ЖШС-і Қа­рағаш ауылында 780 басқа шақ­талған асыл тұқымды мал реп­родукторын, “Қайнарбек Ата” ЖШС-і Орталық ауылында 1000 басқа шақталған бордақылау ала­ңын іске қосады, – деді брифинг барысында Марат Ескендіров.

2020 жылы ауданда автомо­биль жолдарын жөндеуге екі есе көп қаржы бағытталды. Аудан­да­ғы 612 шақырым жолдың 361 ша­қырымы жақсы жағдайда. Был­тыр республикалық маңызы бар 34, облыстық маңыздағы 55 ша­қырым жол жөнделді. Казанка ауы­лына апарар жолдың 12,5 ки­лометрі, Пресновка мен Благове­щенка елді-мекендерінің ішкі жол­дарын жөндеуге 460 млн. теңге­ден астам қаржы бөлінді. Әкімнің айтуынша, биыл Пресновка, Бла­говещенка, Қайранкөлдегі ауыл­іші­л­ік жолдар жөнделеді. Ұлттық қор есебінен Майбалық ауылына барар жол, “Петровка-Жаңажол-Бауман стансасы” учаскесіне ор­таша жөндеу жүргізілмек. Же­лез­ное, Пресноредуть, Буденное, Мир­ное-Айымжан, Пресновка-Қай­ранкөл бағытындағы жолдар­ды жөндеу алдағы жылдардың еншісіне қалдырылған.

Ауданда бірқатар нысан­дар­дың құрылысы жалғасуда. Қазір Пресновкада дене шынықтыру-са­­уықтыру кешені салынуда. 300 млн. теңгенің нысаны биыл та­мызда қолданысқа берілуі тиіс. Жам­был ауылында оңтүстіктен кө­шіп келетін ағайынға 30 үй тұр­ғы­зылып жатыр. Біртіндеп таза ауыз­сумен қамту мәселесі де ше­шілуде. Ауданда 35 ауыл орта­лықтандырылған су жүйесіне қо­сылған. Былтыр 4 елді мекен – Троицкое, Орталық, Архангелка мен Сенжарка да бұл тізімге қо­сы­луы тиіс еді. Алайда Преснов топ­тық су құбырын жаңғырту жұ­мыстарының кешеуілдеуіне бай­ланысты аталған ауылдарға таза ауызсу биыл жетпек. “Аудандағы мектеп­тердің барлығының қазан­дық­тары сыртқа шығарылған. Был­­­тыр Благовещенкада “Агро Про­­фи” ЖШС-і 48 млн. теңге қар­жы бө­ліп био­қазандықты іске қос­ты. Оған екі мек­теп, бала­бақ­ша мен Мәде­ниет үйі қосылды. Өткен жы­лы бі­лім беру саласын­да 6 ны­сан күр­делі жөндеуден өткізілсе, биыл 98 млн. теңгеге тағы екеуі жөн­деледі, – деді Марат Ескен­діров.

Үстіміздегі жылы стоматоло­гия­лық құрыл­ғы мен тағы екі ме­дициналық кө­лік, УДЗ құрылғысы, бейне­ко­ло­носкоп, дезинфек­ция­лау каме­ра­сы алынады. Благо­вещенкадағы дәрігерлік амбула­тория жөндел­мекші.

Гүлмира ШОҚТЫБАЕВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp