«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өңір полицейлері қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатынан қола жүлдемен оралды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері Ырысбек Байдоллаев пен Ердәулет Сайдоллаев Ташкенттен қола жүлдемен оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 4-8 маусым аралығында Өзбекстанда қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионаты өтті. Солтүстікқазақстандық полицейлер Ырысбек Байдоллаев пен Ердәулет Сайдоллаев Қазақстан құрамасына кірді. Өңір полицейлері алғаш рет спорттың бұл түрінен құрама сапында өнер көрсетті. Жалпы ел намысын 9 спортшы қорғады.

Ырысбек Байдоллаев 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде, ал Ердәулет Сайдоллаев 75 келіге дейін өнер көрсетті. Әлем чемпионатында қазақстандықтар 7 қола және екі алтын медальді жеңіп алды.

Байрақты бәсекеге 30 елдің спортшылары қатысты. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан спортшылары үздік үштікке енді. Жарыс иелері бірінші орыннан көрінсе, ресейліктер екінші орынды жеңіп алды.

«Солтүстікқазақстандық спортшылар жақсы өнер көрсетіп, құраманың 3 орыннан көрінуіне өз үлестерін қосты. Құқық қорғаушылар үшін қоян-қолтық ұрыстың алар орны ерекше. Бұл жеңіс үнемі жақсы физикалық дайындықта болуы тиіс полиция қызметкерлерін спортпен айналысуға ынталандырады», – дейді СҚО ПД бастығы Марат Төлебаев.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp