«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҚЖАННЫҢ ШЫНДЫҒЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының ұжымы көрер­мен­ге “Қарапайым адам” спектаклін ұсынды. Аталмыш туынды серб жазушысы, драматург Бранислав Нушичтың “Обыкновенный человек” пьесасының желісі негізінде жазылған. Премьераның қоюшы режиссері – Тәжікстанның еңбек сіңірген қайраткері Барзу Абду­раззаков.

Сахналық қойылымның оқиға желісі бойынша Кеңес одағына танымал Ақжан есімді жас ақын сол кезеңнің саясатын сынап, бір-екі шумақ өлең жазады. Қа­ламгердің жыр жолдары газет бе­тіне басылып, оқырман қауым­ның қолына жетеді. Әлбетте, бұл әрекеті шенділерге ұнамай, ақын­ға іздеу жарияланады. Ба­рар жер таппаған соң ол досы­ның үйін паналап, өзін өзгелерге Төлебай деп таныстырады. Кейін Ақжан сол үйдің қызына ғашық болып қалады. Өзінің кім екенін айтса, биліктің қолына тапсырып жібере ме деп, абақтыдан үріккен күйі осы отба­сында біраз уақытқа тұрақтайды. Ақыр соңында шындықтың беті ашылып, оқиға жақсылықпен аяқ­талады.

Театр директоры Біржан Жал­ғас­баевтың айтуынша, осы жолы қарашаңырақ ұжымы көрер­мен­ге жеңіл қабылданатын спектакльді сахнаналауды жөн көрген. Өнер­сүйер қауымға ұнаған жаңа туын­ды – қазақ сазды-драма теат­рының Барзу Абдураззаковпен бірлесе жарыққа шығарған екінші спектаклі. Бұған дейін 2015 жы­лы көрермен назарына “Ре­ви­зор” комедиясы ұсынылған бола­тын.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp