«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Дайындық басталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елімізде қыркүйек айында жалпыұл­ттық халық санағы өтеді. Осы орайда өңірімізде санаққа дайындық жұмыстарының бірінші кезеңі басталды. Мамандар үй-үйді аралап, тұрғындар санын нақтылауда.

Әр маман маусымның соңына дейін 1200 баспанаға барып үлгеруі керек. Мәселен, Карина Карасартова бүгінге дейін 800 үйде болған. Күтпеген қонақты тұрғындардың бірі қуана қарсы алса, кейбірі есікті де ашпайды екен.

Мамандардың әрқайсысына белгіленген аумақтар бар. Бәрі өздері тұратын баспаналарына жақын қылып ыңғайластырылған. Олар әр пәтерден алынған мәліметті планшетіне түртіп алады. Бұған небәрі 30 секунд қана уақыт кетеді. Дегенмен темір есіктің ар жағынан жауап қатып, нақты адам санын айтпайтындар да бар екен. Мұндай жағдайда планшетке мекенжайда 1 адам тұрады деп жазылады. Кейін санақ уақытында қайтадан сұралады.

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы облыстық департаментінің бөлім басшысы Марал Даниярованың айтуынша, халық санағына дайындық жұмыстарының бірінші кезеңін өткізуге өңір бойынша 240-тан астам адам жұмылдырылды. Қазіргі таңда шамамен жұмыстың 40 пайызы атқарылды. Есеп әр күн сайын тапсырылады. Мысалы, облыс орталығы бойынша 11 учаскені аралау белгіленген.

Алтынай ҚАЗИҚАНОВА,

журналист.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp