«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Құтты қоныс

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Темірзақ Битабар 2019 жылы Сергеевка қаласына Түркістан облысынан көшіп келді. Іскер азамат келе сала өз кәсібін ашқан. Ең алдымен өзі секілді қоныс аударушыларға арнап үй салуды бастады. Жерлестерін баспанамен қамтып, өзі де, өзгені де қуанышқа кенелтті. Ең бастысы, ешкімге алақан жайған жоқ. Екі баласы да студент, Нұр-Сұлтан қаласында білім алып жүр.

– Келе сала бірден тендерге қатыстық. Алғашында 7 үйдің құрылысын қолға алдық. Жұмыс істеп жүргендердің дені оңтүстіктен қоныс аударғандар. Олар жұмыс істеп, жалақы алады әрі өздеріне үй салып жатыр. Құрылысқа қажетті пеноблок жасайтын цех аштық. Мүмкіндігім барда өз нәпақамды өзім табамын, бауырларыма да, жерлестеріме де соны айтып жүрмін, – дейді кәсіпкер. Шағын ғана кәсіпорында қазірдің өзінде 22 адам еңбек етеді.

Темірзақ Битабардың зайыбы Ажаркүл де қарап отырған жоқ. Ол да жеке кәсіпке кіріскен. Сергеевка қаласындағы дәмханалардың бірін жалға алып, жұмыс істеуде. “Жүргенге жөргем ілінеді” демекші, Темірзақ Битабар құрылыс пен өндіріске қоса биыл жер өңдеуді де қолға алды. Азын ау­лақ жерге арпа мен картоп егіп, күтіп-баптауда. Болашақта көкөністің басқа да түрлерін және қарбыз өсірсем дейді.

Қайрат ОРАЗАЛИН,

“Новатор” газетінің тілшісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp