«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ажалы оттан болды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығындағы Борки кентінде тұрғын үйлердің бірі өртеніп, салдарынан 1964 жылы туған азамат көз жұмды.

Облыстық төтенше жағдай­лар жөніндегі департаменттің баспа­сөз қызметінің мәліметін­ше, оқыс оқиға маусымның 20-сы күні шамамен таңғы сағат 9-да орын алды. Қайғылы жағдай Зеленая кө­шесіндегі үйлердің бірінде тір­келіп, қызыл жалын 5 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт сөн­дірушілер тілсіз жауды 15 минут­тың ішінде ауыздықта­ды. Қазіргі уақытта келтірілген ма­териалдық шығынның көлемі анық­талып жа­тыр. Маман­дар­дың болжамы бо­йын­ша өрт те­мекі тұқылынан шыққан.

Жыл басынан бері тілсіз жау 32 адамның өмірін жалмады.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp