«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Еңбекақыларын азық-түлікке жұмсайды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында тұрғындардың ай сайынғы шығыны артқан. Статистикалық деректер бойынша, еңбекақының басым бөлігі азық-түлікке жұмсалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық статистика бюросы СҚО бойынша департаменті халықтың І тоқсандағы шығыстарын есептеді. Департаменттің мәліметінше, үй шаруашылығын зерттеу деректері негізге алынған. І тоқсанда жан басына шаққандағы орташа ақшалай шығыс 63 мың теңгені құраған. Бұл, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2% көп.

Халықтың ең үлкен ақшалай шығысын – тұтыну шығыстары алады, оның үлесі 86,5%. Материалдық көмек, қарыз бен кредитті төлеу, алимент, салықтар 13,5% құраған.

Тұрғындардың еңбекақысының 44,2% – азық-түлікке жұмсалады. Соның 27,6% ет және ет өнімдерін, 18,4% нан және жармаларды алуға кеткен. Азық-түлік емес тауарларды сатып алу шығысы – 25,2%, қызметтер төлемақысы 7,1% алады.

Мамандардың айтуынша, қала және ауыл тұрғындарының азық-түлік тауарларын сатып алуда өзгешеліктер бар. Қала тұрғындары етке, ет өнімдеріне, сүт пен сүт өнімдеріне көп қаржы жұмсайды да, керісінше, нан, жарма, кондитер өнімдеріне және қантқа аз шығындалады.

Азық-түлік емес тауарлардың тобында еңбекақының басым бөлігі киім-кешекке, аяқ киімге жұмсалады, үлесі – 24,4%.

Ал қызметтер төлемақысының негізгі – 35,3% тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге, 33,2% – көлік және байланысқа, 9,4% денсаулық сақтауға, 6,5% білім алуға кетеді. Қалалықтардың ауылдықтармен салыстырғанда ақылы қызметтерге шығындары 2 есе көп.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp