«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕМЛЕКЕТКЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ — АБЫРОЙ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық әкімдікте мемлекет­тік қызметші күніне орай салтанатты жиын өтті. Шарада өңірдің дамуы үшін дамылсыз еңбек етіп жүрген бірқатар сала мамандары марапатталды. Жиынға қатысқан облыс әкімі аппаратының жетекшісі Олжас Ыдырысов өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың атынан мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, жүрекжарды тілегін жеткізді.

– Бұл өмірде елге қызмет етуден артық бақыт жоқ. Мемлекеттік қызмет дегеніміз – жоғары жауапкершілік, зор міндет, халыққа адал болу. Сіздер еліміздің Тәуелсіздігін нығайтуға, өңірді және елді дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда аянбай еңбек етуде­сіздер. Жұмыстарыңызға табыс, абырой, жаңа жетістік тілей­мін. Кәсіби мерекелеріңіз құт­ты болсын, – деген Олжас Нұрланұлы 2014 жылдан бері аталып келе жатқан мерекенің маңызына тоқталды.

Мемлекеттік қызметші – қоғам айнасы, ал мемлекеттік қызмет­шілер корпусы реформалардың басты қозғаушы күші екенін атап өтті.

Бүгінде Қазақстанда мемле­кеттік қызметтің жаңа моделі қа­лыптасып, бұл саланың мәрте­бесін көтеруге бағытталған ша­ралар жүзеге асырылуда. Же­ке­леген мемлекеттік органдардың құрылымы оңтайландырылды. Мемлекеттің күші – кәсіби білікті мамандарда. Мемлекеттік бағ­дарламалар мен жобалар­дың орындалуы осы кәсіби ма­ман­дардың тиімді жұмысымен баға­ланады. Өңірде қазір 4 мың­нан ас­там мемлекеттік қызметші бар. Жиын барысында Асылбек Әл­дименов, Бүркіт­бай Самы­ра­тов, Рүстем Байжа­нов, Еркін Жақ­сылықов облыс әкімінің Құр­­мет грамотасымен, Ольга Пли­щен­ко, Алма Ғабба­со­в­а, Ва­лентина Па­далко, Дина Иси­на Ал­­ғыс хат­пен марапат­тал­ды. Ал Петро­павл қа­ласы әкімі аппа­ра­тының бас­шы­сы Қа­лия Түрено­ва Қазақ­стан Рес­­публикасы Мем­лекеттік қыз­мет істері агент­тігінің гра­мо­та­сын, “Үздік әдеп жөнін­де­гі уә­кіл” рес­публикалық байқа­уына қа­ты­сушы Тимирязев ауда­ны әкі­мінің орынбасары Үмітжан Нұр­та­зина ІІ дәрежелі диплом иеленді.

Салтанатты шарада облыс­тық мемлекеттік қызмет істері де­партаментінің басшысы Елена Степаненко да әріптестерін кәсі­би мерекелерімен құттықтап, Тәуел­сіздіктің 30 жылында об­лы­сы­мызда нағыз кәсіби маман­дар­дың шоғыры қалыптасқанын мақ­танышпен атап өтті. Сондай-ақ ол облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау депар­таментінің жетекші маманы Елена Брайченкоға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қыз­мет істері агенттігінің “Үздік мем­лекеттік қызметші” белгісін, бір­қатарына аталмыш ведомство­ның грамтолары мен Алғыс хат­тарын табыс етті.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp