«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰЛЫ ДАЛА ӘУЕНДЕРІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ақан сері атындағы облыстық филармонияда тау тұл­ғалы дарындар Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің 115 жылдық мерейтойларына орай Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптары оркестірінің шығармашылық кеші өтті.

Концертте қазіргі заманғы кәсі­би музыканың негізін қалаған аға буын композиторлардың шығар­малары орындалды. Алдымен ор­кестр жиналған қауымға Ахмет Жұбановтың “Би күйін” ұсынды. Мә­дениет сала­сы­ның үздігі Жа­нат Айтбаев Иман­жүсіп Құтпан­ұлының “Сармойын” әнін, респуб­ли­калық байқаулар­дың лауреаты Біржан Есжанов халық әні “Са­малтауды” шырқап, көрерменнің құлақ құрышын қан­дырды.

Әйгілі композитор, ҚазКСР-нің ха­лық әртісі Латиф Хамидидің “Қа­зақ вальсі” сынды шоқтығы биік шы­ғармасын да көрермен ықы­лас­пен тыңдады. Нұрғиса Тілен­диевтің “Ата толғауы” күйі мен Ах­мет Жұбановтың “Ақ кө­гершін” әні де тыңдарманның жү­регіне жол тартты. Нұрсұлу Ах­метжанова, Ба­қыт Ілиясов, Мұхит Ахметов, Ва­силя Гибадуллина, Рүстем Ах­медов, Юлия Стаду­хина сынды филармония әртіс­терінің өнеріне көпшілік риза бол­ды. Бұл кештің өтуіне Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптары оркесті­рінің көр­кемдік жетекшісі әрі бас дирижері, мәдениет қайраткері Қайырлы Ғафуров тың бастамашы болға­нын атап өткен жөн.

Сержан НҰРДОЛҚЫНҰЛЫ,

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің 2-курс студенті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp