«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

93 жастағы еңбек ардагері коронавирусқа қарсы вакцина алды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында 93 жастағы еңбек ардагері екпе пунктіне келіп, коронавирусқа қарсы вакцина алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Қызылжар ауданы Петерфельд ауылының 93 жастағы тұрғыны коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алды.

Әнуарбек Жақыпов 1928 жылы туған. Еңбек ардагері денсаулығын ойлап, әрі басқаларға үлгі болу үшін екпе пунктіне өзі келіпті. Қарияға «Hayat-Vax» вакцинасы егілді.

«Ағайындар, вакцина алудан қорықпаңыздар. Денсаулық – зор байлық. Уколдан қорқуға болмайды. Келіңіздер, егіліңіздер! Бала-шағамыз аман болсын», – дейді екпе алған қария.

Вакцина алған Әнуарбек Жақыпов өзін жақсы сезінетінін айтады.

Бұған дейін СҚО-да Ұлы Отан соғысы ардагерінің коронавирусқа қарсы екпе алғанын хабарлаған едік.

Жалпы СҚО-да вакцинаның 1-ші компонентін 90 816 адам алса, толық вакцинациядан өткендердің саны – 62431 адам.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp