«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Айыппұл көлемі – 400 миллион теңге

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында медициналық ұйымдарға мониторинг жүргізіліп, нәтижесінде қызмет көрсетуге қатысты 32 мыңнан астам олқылық анықталды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ СҚО бойынша филиалы медициналық ұйымдарға мониторинг жүргізіп, 5 айдың қорытындысын шығарды. Нәтижесінде медициналық қызмет көрсетуге қатысты 32 682 кемшілік анықталды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында өңірдің денсаулық сақтау ұйымдарының жұмысына үнемі мониторинг жүргізіледі. Кемшін тұстар бар. 5 айдың қорытындысы бойынша ең көп кемшілік амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар арасында, атап айтқанда консультациялық-диагностикалық қызметтерге қатысты анықталған. Медициналық көмектің осы түрі бойынша 26 мыңнан астам факті тіркелген. Ал стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсетуге қатысты 4 мыңнан артық кемшілік анықталды, олар бойынша 368,8 млн теңге сомасында айыппұл салынды.

«Жедел жәрдем қызметінде 186 жағдай тіркелді. Бұл – ең азы. Негізінен емдеу-диагностикалық іс-шаралары стандарттарынан ауытқу, медициналық құжаттаманы сапасыз жүргізу, қызметтер құнының негізсіз қымбаттауы және медициналық қызмет көрсетудің расталмаған фактілері анықталды», – дейді мамандар.

Сонымен қатар Қордың СҚО филиалы сарапшылары іс жүзінде көрсетілмеген қызметтердің 313 жағдайын, яғни қосып жазуды анықтады. Бұл жағдайлардың барлығы амбулаториялық-емханалық көмекке қатысты. Айыппұл санкциялары қолданыла отыра 1,2 млн теңгеден астам қаражат төлемнен алынды, бұл ақша кейін медициналық көмекті қаржыландыруға жұмсалады. Ал жүргізілген жұмыстың нәтижесі бойынша ақпарат денсаулық сақтау басқармасына тиісті шара қабылдау үшін жіберілді.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp