«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Медициналық көмек қолжетімді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстанда медициналық қызмет жар­на мөлшеріне қарамастан, барлық сақтан­дырылған адамдарға қолжетімді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру ая­сында көмек алуға жүгінген науқастар үшін медициналық қызметтердің көлемі мен құны шектелмейді.

Біздің өңірде 17 алғашқы медициналық-санитарлық ұйым мамандандырылған ме­дициналық көмек көрсетеді. Сонымен қатар екі көпбейінді облыстық, сонша қала­лық аурухана, “Есіл-диагностик” серіктес­тігі бар. Аталмыш емдеу мекемелерінің ма­мандары уәкілетті орган айқындаған тәр­тіп­пен аурудың алдын алу бағытында ме­ди­циналық тексерулерді, бейінді маман­дар­дың қабылдауын, мобильді бригада­лардың қызметтерін ұйымдастырады. Бейінді мамандар созылмалы аурулары бар адамдарды динамикалық бақылап, уә­кілетті орган бекіткен тізбе бойынша халық­тың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысанда стоматологиялық қыз­мет көрсетіп, санитарлық-эпидемио­логия­лық, уәкілетті орган айқындайтын тізбе бо­йынша зертханалық диагностика жүргізеді.

Жыл басынан бері МӘМС шеңберінде амбулаторлық деңгейде 2,2 млрд.теңгенің 1 214 789 кеңес беру-диагностикалық қыз­меті көрсетілді. Соның ішінде зертханалық және аспаптық зерттеу әдістері, скрининг­тік зерттеулер, мобильді бригадалардың қызметтері бар. Қымбат тұратын КТ, МРТ қызметтері тек онкологиялық бағдарлама бойынша 12,6 млн.теңгеге көрсетілді.

Тәулік бойы жұмыс істейтін стационар­лар (оның ішінде жоғары технологиялық) мен стационарды алмастыратын 22 ұйым­да медициналық көмек көрсетіледі. Со­нымен қатар облыстың барлық аудандық ауруханаларында стационарлық және стационарды алмастыратын қызмет бар. Өт­кен бес айда осы ұйымдардың медицина қызметкерлері 57992 науқасқа көмек көрсетті.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақ­тандыруды енгізу қалпына келтіру және ме­ди­циналық оңалту қызметтерінің санын ұлғайтуға мүмкіндік берді. Қор медицина­лық оңалтуды дамытуды, амбулаторлық деңгейде ынталандыруды жалғастыруда. Мәселен, облыста оңалту көмегін көрсе­тетін медициналық ұйымдардың саны екі жыл ішінде 2,7 есеге ұлғайды.

2021 жылдың қаңтар-мамыр айларын­да өңірде 99576 адам тегін дәрілік зат­тармен қамтамасыз етілді. Денсаулық сақтау ұйым­дарының жұмысы тұрғындар­ды сапа­лы және қолжетімді медициналық көмек­пен қамтамасыз етуге, саламатты өмір салтын қалыптастыруға, медицина­лық көмектің сапасын арттыруға бағыт­талған.

Қарлығаш ІЛИЯСОВА,

әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының бөлім басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp