Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының және Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерін жеке-жеке қабылдады.
Құмар Ақсақалов, Жеңіс Қасымбек, Оңдасын Оразалин, Серікбай Трұмов, Бақытжан Сағынтаев және Мұрат Әйтенов Президентке өздері басқарып отырған өңірлердің жыл басынан бергі негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы есеп беріп, аймақтарды одан әрі дамытудың перспективасы жөнінде баяндады. Бұдан бөлек Мемлекет басшысына өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімет берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев облыстардың және республикалық мәртебесі бар қалалардың басшыларына әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының артуына жол бермеуге қатысты және басқа да бірқатар нақты тапсырма берді.
“Аkorda.kz”.