«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҰЛҒАЛАР ТУРАЛЫ ТАҒЫЛЫМДЫ ЕҢБЕК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Журналист, жазушы, қоғам қайраткері Жарасбай Сүлейменовтің “Сәулелі ғұмыр” кітабының тұсаукесері өтті. Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кі­тап­ханада ұйымдастырылған шараны “Sol­tüstık Qazaqstan” газеттерінің бас редак­то­ры Ербақыт Амантайұлы жүргізіп отырды.

Бұл жинақта автордың қайраткерлік қа­ры­мы зор, аза­маттық келбеті келісті, сөзі­мен де, ісімен де басқаларға үлгі болып, ел құр­ме­ті­не бөлен­ген тұлғалар туралы рес­публика­лық және жергілікті басылымдарда жарық көрген очерктері, эсселері мен сұх­баттары топтастырылған. 550 беттік кітап Алматы қаласындағы “Асыл кітап” баспа­сынан жарық көрді. Кітап төрт бөлімнен тұ­рады. Адамзаттың Абайымен басталып, Ға­беңнің кіндік қаны тамған Елтінжалымен аяқ­та­лады. Бұл тұлғалар туралы еңбек бол­ғаны­мен оның астарында елдің тарихы, Тәуел­сіз­дігіміздің жылнамасы жатыр.

Жиын барысында сөз сөйлеген Солтүс­тік Қазақстан облысының құрметті азаматы Ті­лек Әбдірахманов пен Қазақстан Жоғары мек­­тебі ұлттық ғылым академиясының ака­демигі Зарқын Тайшыбай кітаптың құнды­лы­ғына тоқталып, автордың еңбегіне та­быс ті­ле­ді. М. Қозыбаев атындағы Солтүс­тік Қа­зақ­­­стан университеті қазақ филоло­гиясы ка­фед­расының меңгерушісі Жанбай Қады­ров ав­­тордың шығармаларына шолу жа­сап, оқыр­­манға беретін пайдасы жайлы әңгі­меледі.

Аға буын журналистер Амандық Жанте­мі­ров, Ахметжан Қуантаев пен Нұрсайын Шәріп кітапқа арқау болған оқиғалар мен адамдардың елі үшін оның даму жолында атқарған жұмыстарын, үлгі болар істерін насихаттаудағы автордың журналистік ше­берлігіне назар аударды. “Soltüstık Qa­zaqstan” га­зе­тінің бөлім меңгерушісі Өмір Есқали бол­са, автордың бұл еңбегі Тәуел­сіздіктің жыл­на­масы іспетті екенін атап өтті. Өйткені еге­мендік жылдары және одан әріректе өмір сүріп, еліне адал еңбек еткен жерлестері­міз­дің ғұмыр жолы, шығар­машылығы жай­лы туынды оқырман үшін өте құнды. Кітап­тың оқырманға ой салар­лық тұсы мол, ол – өскелең ұрпаққа, әсіресе жас журналис­терге әдістемелік құрал ре­тінде таптырмас олжа екені анық.

Аға буын өкілдері Тілек Әбдірахманов пен Қымбат Исманова жаңа кітаптың лен­тасын қиды. Сондай-ақ, рухани шараға қа­ты­сушылар Жарасбай Сүлейменовтің шы­ғармашылығына арналған “Ғашық ғұ­мыр бояулары” көрмесін тама­ша­лады.

Сағындық МАУҒАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp