«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Өлең — менің Шолпаным…”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Білім саласындағы әдісте­ме­лік және ақпараттық техно­логиялар орталығының мұ­рындық болуымен жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында 2004 жылдан бері дәс­түрлі түрде өткізіліп келе жат­қан “Мағжан оқулары” респуб­ликалық ғылыми-шығармашылық конкурсы биыл онлайн фор­матта ұйымдастырылды.

Салтанатты шарада білім бас­қармасының басшысы Гүлмира Кәрімова құттықтау сөз сөй­леп, са­йыскерлерге табыс тіледі. Тә­уел­­сіздігі­міздің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған байқау жас ұрпақ арасында ақиық ақын­ның мұраларын насихаттау, жас­тар­дың бойында азаматтық ұс­та­ным мен эстетикалық талғам қа­лыптастыру, поэзияға деген құш­тар­лықтарын арттыру мақсатын көздеп, елі­міздің әр қиырынан 36 талапкер “Өлең – менің Шолпа­ным, Айым, Күнім”, “Ақын да бір бала ғой, айға ұмтылған”, “Тол­қын­мен толқын сырласып” ата­лым­дары бойынша бақтарын сынады.

Марапаттау рәсімінде Мағжан шығармала­рын жатқа айту, мә­нер­леп оқу аталымдары бойын­ша топ жарған жүлдегерлерге, атап айт­қанда, Әмірлан Ерзат­ұлы­на (Нұр-Сұлтан), Да­нагүл Басыбайға (Петропавл) және Бекзат Елеусі­новаға (Атырау) бірінші дәрежелі дип­ломдар мен арнайы жүлделер тапсырылды. Бас жүлдеге Атырау облысының өкілі Нұрай Сисен­бай ие болды.

Әсел ЕСІМСЕЙІТОВА,

әдістемелік және ақпараттық технологиялар орталығының әдіскері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp