«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ИНФЕКЦИЯДАН ҚОРҒАНУ ЖОЛДАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысы аса қауіпті инфекция – туляремияның табиғи ошағында орналасқан. Ауруды жұқтырмау жолдары жайында санитар дәрігерлер айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, туляремия – табиғи ошақтары бар, аса қауіпті зооноздық инфекция, яғни оны ауру жануарлар тасымалдап, таратады.

«Бұл індет әсіресе жаз бен күзде қозады. Маусымдық инфекцияны тышқандар, су егеуқұйрықтары, суырлар, кенелер және қан соратын жәндіктер таратады. Инкубациялық кезеңнің ұзақтығы шамамен 1-20 тәулікті құрайды, бірақ көбінесе – 3-7 тәулік. Әдетте ауру тез басталады, дене қалтырап, дене қызуы көтеріледі, дененің ауырсынуы, бас ауруы, әлсіздік пайда болады», – дейді СҚО СЭБД аса қауіпті инфекцияларды және туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Юлия Гайсина.

СҚО аумағы алқапты-батпақты жерде туляремияның табиғи ошағында орналасқан. Мамандардың айтуынша, бірнеше он жыл бұрын бұл ауру өңірде кең таралған, алайда қазір жағдай қанағаттанарлық. Қауіпті инфекцияны жұқтырғандар соңғы рет 5 жыл бұрын анықталған екен.

Туляремия инфекциясының алдын алу үшін бірқатар іс-шаралар атқарылады.

«Адамдардың ауыруына жол берему табиғи ошақтарда кеміргіштер мен қан сорғыш жәндіктермен күрес жүргізіледі, кеміргіштер саны жүйелі түрде бақыланады. Туляремия таралған елді мекендерде сумен жабдықтау көздерінің, тұрғын үйлердің, дүкендердің, қоймалардың және т.б. санитариялық жай-күйіне бақылау жүргізіледі. Оларға кеміргіштердің кіруіне жол берілмейді, ашық су қоймаларынан су ішуге және онда шомылуға тыйым салады», – дейді Юлия Гайсина.

Инфекциямен күрестің ең тиімді жолы – вакцинация. «Табиғи ошақтардың аумағында тұратындарға, ол жерлерге маусымдық жұмыстарға баратын адамдарға, туристерге, сондай-ақ мамандығына байланысты жұқтыру қаупі бар адамдарға екпе салынады. Табиғат аясына демалуға шыққан кезде сақтық шараларын ұмытпаған жөн, олар: жеке гигиена, таза суды пайдалану, тағамды дайындау және сақтау ережелерін ұстану, бақшада немесе бақта жұмыс істеу кезінде жеке қорғаныс құралдарын пайдалану, учаскеде тазалықты сақтау», – дейді санитар дәрігер.

Маманның айтуынша, туляремияны жұқтыру қаупі артқан аймақтарға барған кезде, теріні мүмкіндігінше жабатын киім кию керек. Тіпті жылы мезгілде табиғатқа шыққанда шалбар мен ұзын жеңді кеудешелерді таңдаған жөн. Жаға-жеңдер, шалбардың манжеттері денені мықтап қысып тұруы керек. Сондай-ақ, бас киім кию керек. Етік немесе бәтеңке пайдалану керек. Кенеге қарсы арнайы костюм киген де пайдалы.

«Туляремия аса қауіпті инфекция. Ауа-шаң арқылы жұқтырмау үшін респиратор, жеке қорғаныс құралдарын – мақта-дәкелі таңғыш немесе респиратор, қолғап қолданған дұрыс. Жалпы жұқтыру қаупі жоғары аймақтарға барғанда сақтық пен жеке гигиена ережелерін сақтау қажет», – дейді Юлия Гайсина.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp