«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӨЛ МЕЙРАМҒА ТАРТУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің төл мерекесіне орай осы саланың бір топ қызметкері облыс әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен марапатталды.

Салтанатты шараның ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде өңір басшысының орынбасары Ғани Нығыметов 1991 жылы 28 маусымда қабылданған “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” Заң жергілікті тілшілер қауымының жұмысына да тың серпін бергенін, ал 2019 жылдан Үкіметтің қаулысымен осы күн бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ретінде аталып өтілетінін айтты. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани өмірінің дамуына үлес қосып келе жатқан қалам иелеріне шығармашылық табыс тіледі.

Облыс әкімінің Құрмет грамотасына Та­йынша аудандық “Тайынша таңы” газетінің бас редакторы Гүл Нұралина мен “МТРК” арнасының бейнеинженері Арсений Макаренко ие болды. Алғыс хат облыстық “Soltüstık Qazaqstan” газетінің аға дизайнері Әсел Ахметоваға, Шал ақын аудандық “Новатор” газетінің бас редакторы Қайрат Оразалинге, Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық “Есіл өңірі” газетінің бас редакторы Сәуле Есентаеваға, Аққайың аудандық “Колос” газетінің редакторы Александр Лесикке, облыстық “Добрый вечер” газетінің шолушысы Евгения Кочеваяға, облыстық “Qyzylljar” телеарнасының эфир инженері Жанайдар Шөпшібаевқа табыс етілді.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp