«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Биыл өрттен 31 адам мерт болып, 34-і күйіп қалды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өткізіп, өртке қатысты қазіргі жағдайға тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО ТЖД бастығының орынбасары Орал Әбдірахмановтың айтуынша, жыл басынан облыс аумағында 365 өрт болды, материалдық шығын 144 млн теңгеге жуық.

Өрттен 31 адам қаза тапты, 34 адам жарақат алды. Бұл – өткен жылмын салыстырғанда көп.

Өртке қауіпті кезең басталуымен шөп, қамыс пен қоқыстың жануына қатысты 600-ден астам шақырту түскен. 16 орман өрті және 500 га жуық дала алқабы жанып, 38 өрт тіркелген.

«Облыста 47 мобильді топ құрылған. Олар 448-ден астам рейдтік іс-шара өткізді. Нәтижесінде 94 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 1 адамға 65 632 теңге айыппұл салынды», – дейді Орал Әбдірахманов.

Облыс өрт қаупі жоғары аумақта орналасқан 67 елді мекен, 15 сауықтыру лагері, 41 демалыс аймағы бар. Өрт сөндірушілер балалардың сауықтыру лагерлерін есепке алды.

Оның үшеуі ерекше тәртіп бойынша тексерілді.

Тексеру қорытындысы прокуратура органдарына, жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ облыстық білім басқармасына жіберілді.

«Халықты алдын алу іс-шараларымен қамту, сондай-ақ халықтың азаматтық жауапкершілігін және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мақсатында, биыл 24-29 мамыр аралығында облыс аумағында департамент қызметкерлері «Табиғатты өрттен қорғаймыз!» кең көлемді республикалық акцияны өткізді. Оған орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлері мен волонтерлік ұйымдар қатысты», – дейді департамент басшысының орынбасары.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp