«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДЕР КЕЗІНДЕГІ КӨМЕК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда бір күнде екі әйел құтқарушылардың көмегіне жүгінді. Бірі өздігінен саусағындағы сақинасын шеше алмаса, екіншісі пәтерінде құлап, баласына есігін ашуға шамасы келмеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, таңғы сағат 8.00 шамасында «112» номіріне Петропавлдағы 20-ықшамауданның 45 жастағы тұрғыны хабарласқан. Әйел саусағының ісіп, сақинаның шешілмей жатқанын айтқан. Құтқарушылар оған санаулы минутта көмек көрсетті.

«Сақинаны әйелге зиян келтірмей абайлап шешу қажет болды. Арнайы қайшыны қолдандық. Бұған дейін де бірнеше әйелге осындай көмек көрсеткенбіз. Ал бір жағдайда баланың саусағынан ойыншық дротиктің шығыршығын кесіп алдық», – дейді құтқарушылар тобының жетекшісі Опал Жолдаспаев.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp